Қарттар күніне орай

2019 жылдың 25 қазаны күні қарттар күніне орайластырылған айлық аясында  Бесқарағай орталық аудандық ауруханасының дәрігерлері: хирург, окулист, терапевт, дәрігер онколог Бесқарағай ауылының төмендегі тыл еңбеккерлері мен жалғыз басты қарттарына  аурушаңдықтардың алдын алу мақсатында үйге бару арқылы медициналық тексерулер жүргізді:

 

  1. Карабекова К
  2. Кайсина З.
  3. Сапарханова К.А.
  4. Умиралинова К.К.
  5. Ильюшина Н.П.

Тексеру барысында қарттардың артериалдық қысымдары өлшеніп, денсаулыққа шағымдарын тындалып, дәрі – дәрмектерді қабылдау бойынша кеңестер айтылды.

Сонымен қатар, қарттарды мерекемен құттықтап, гүл шоқтары мен танометрлер сыйлықа тартылды.