Бесқарағай аудандық орталық ауруханасы қызметкерлерінің «Nur Otan» ХДП өкілдерімен кездесуі

Бесқарағай аудандық орталық ауруханасы қызметкерлерінің «Nur Otan» ХДП өкілдерімен кездесуі.

2019 жылғы 12 наурызда «Nur Otan» париясының аудандық филиалы  Бесқарағай аудандық орталық ауруханасының  отырыс залында  медицина қызметкерлерімен «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін кездесу өткізді.

Кездесуді Бесқарағай ауданының әкімі,  «Nur Otan» ХДП Бесқарағай аудандық филиалының төрағасы Даулет Бахитович Батырбаев жүргізді.

Кездесуге қатысқандар:

  1. Бесқарағай ауданының әкімі – Б.Ж. Баталов;
  2. Аудандық маслихат хатшысы – К.К. Садыков;
  3. «Nur Otan» партиясының Бесқарағай ауданыдық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Б.У. Омаров;
  4. Бесқарағай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Р.А.Заденов;
  5. Бесқарағай аудандық орталық ауруханасының ұжымы.

Кездесу барысында сөз сөйлегендер «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съездінің негізгі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.