Бірлік күні

2019 жылдың 01 мамыры күні Бесқарағай ауданының орталық алаңында Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесіне және « Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арналған «БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – БІРЛІК!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шарада ұйымдар мен мекемелердің салтанатты шеруі болды. Бесқарағай орталық аудандық ауруханасының ұжымы сәнді ұлттық киімдерде татар ұлтын көрсетті, татар ұлтының ұлттық тағамдарымен мерекелік дастархан жайды.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.