Біз туралы

Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Бесқарағай орталық аудандық ауруханасы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2016 жылғы 19 ақпандағы  заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама  75-1917-21 – КМҚК №080640010372, аккредитация туралы  анықтама  2015 жылғы 11 қарашадағы № KZ 57VEG00005074

 

 

Денсаулық сақтау саласы аудан дамуында ерекше орын алатын нысандардын бірі. Мемлекеттік мұрағаттан алынған ресми мәліметтерге сәйкес,  Бесқарағай ауруханасы туралы ең алғашқы мәліметтер 1938 жылғы құжаттардан табылды. Осы жыл аудан ауруханасының тарихын айқындайтын уақыт болып табылады.
1938 жылдан 1948 жылға дейін амбулатория және аурухана болып қалыптасқаннан бастап, 10 жыл қатарынан өзгеріссіз жұмыс атқарды. Назипа Бегалиевна Сапарбекова аудандық аурухананың ең алғашқы басшыларының бірі болды.

Аудандық аурухана болып қалыптасқан уақыттан бастап оны М.А. Безрукова, Б.М.Тимофеев, Б.В.Курбатов, В.Г.Шушпанов, М.Ш.Шамшин, К.А.Мейрамгалиев, М.К.Шарипов, Т.К Майжанов., В.О.Шоперт, М.Ж.Чегибаев, Б.Г.Сон, Ш.Ж. Омаров сияқты дәрігерлер басқарды. 2013 жылдан бастап  аудандық аурухана бас дәрігері Баубек

Аудандық аурухананың құрылымы төмендегідей:
1)Аудандық аурухана бөлімдері: хирургиялық, терпиялық, балалар бөлімі, перзентхана, гинекологиялық бөлім, инфекциялық бөлім;
2)Кеңестік – диагностикалық емхана: күндізгі бөлім, жаңұялық денсаулық орталығы;
3)Жедел жәрдем бөлімі;
4)Зертхана;
5)Туберкулезге қарсы күрес кабинеті -1;
6)Дәрігерлік амбулаториялар  – 7;
7)Фельдшерлік – акушерлік пункттер – 3;
8)Медициналық пункттер – 15;
9)Көмекші бөлім: Залалсыздандыру орталығы, асхана, шаруашылық бөлімі.
Жыл сайын аудандық ауруханада шамамен  85597 (КДЕ,БМСК- 83095, тәуліктік стационар – 1419, күндізгі стационар – 1038 ) артық адам  емпделеді. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы нысанды индикаторларының орындалуы:
1. Халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғаюы;
2011 жылдың қорытындысы бойынша халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы Бесқарағай ауданы бойынша 65 жасты құрады, 2013 жылы 70 жасты, ал 2015 жылы – 72 жасты құрады.
2.Ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін төмендеуі;
Соңғы 6 жылда ауданда ана өлім – жітімі тіркелген жоқ.
3. Нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін төмендеуі;
2011 жылы бала өлім – жітімі 1000 тірі туылғанға  17,6 құрады, 2013 жылы – 15,8, ал 2015 жылы – 11,5 немесе 3 жағдай болды. Бала өлім – жітімі 50 пайызға төмендеді.
4. Жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;
Жалпы өлім – жітім 2011 жылы – 13,0, 2013 жылы 13,9, 2015 жылы 11,0 құрады. Жалпы өлім – жітімнің 44,7 пайызға төмендегені байқалады.
5. Туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі;
Аудан бойынша туберкулезбен аурушаңдық  2011 жылы 141,3 немесе 32 жағдайды, 2013 жылы – 80,4 немесе 15 жағдайды, 2015 жылы – 57,1 немесе 12 жағдайды құрады. Туберкулезбен аурушаңдық 63 пайызға азайды.
6. 15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2 – 0,6 шегінде ұстау;
2011-2015 жылдар аралығында ауданда ВИЧ – инвекциясы тіркелген жоқ.
Аудандық аурухана қалыптасқан уақытынан бастап көптеген жетістіктерге жетті. Бесқарағай аудандық ауруханасының стационары 2008 жылы пайдалануға берілген стандартты ғимаратта орналасқан. 2014 жылы аурухана емханасы, шаруашылық бөлімі, асхана  күрделі жөндеуден өтті. Жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін ғимарат денсаулық сақтау мекемелеріне қойылатын талаптар мен стандарттарға сай жұмыс істеуде. Стационар және емхана, Дәрігерлік амбулаториялар, медицина пункттері, фельдшерлік – акушерлік пункттер медициналық техникалармен 84 пайызға қамтамасыз етілген.  Олардың ішінде «Отарит», наркоздық аппарат, ЭКГ 2014-2015 жылдары сатылып алынды.

Барлық дәрігерлердің, әкімшілік қызметкерлерінің кабинеттері жаңа, заманауи  жиһаздармен жабдықталды. Соңғы екі жылда ауданның барлық емдеу-  алдын алу мекемелерінде компьютерлендіру жүргізіліп жатыр, 2015 жылы 50 компьютер барлық қажетті жабдықтарымен сатылып алынды.  Аудандық аурухананың барлық кабинеттері және шалғай ауылдарда орналасқан медицина мекемелері порталдарда жұмыс істеу үшін, ғаламтор желісіне қосылды.Аудандық ауруханада жеке сайт және  GALL орталығы бар. Аурухана науқастары үшін Отау ТВ отандық телевидениясының 4 торабы орналасқан.

Сонымен қатар, 2014 жылы Глуховка дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысы аяқталды. Ауданның барлық дәрігерлік амбулаториялары ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Бөдене, М-Владимировка дәрігерлік амбулаторияларының ғимараттарына және аудандық аурухана жылыту қазандығына  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінгі күні Бесқарағай ауруханасында 258 адам жұмыс істейді, олардың ішінде 40 білікті дәрігерлер, 128 орта медицина қызметкерлері, 1 психолог, 3 әлеуметтік қызметкер. Олар аудан денсаулық сақтау саласының дамуына және жаңа технологияларды еңгізу жолында қызмет етуде.

Дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің 65 пайызында санаттары бар. Аудандық ауруханада маман мұқтаждығы жоқ.

Аудандық аурухана қызметкерлерінің кәсіби деңгейлері үнемі жоғарылатылып отырады. Кәсіби деңгейді жоғарылату үнемі қызмет ететін біліктілікті арттыру курстары, ғылыми – тәжірибелік конференцияларға, медициналық кеңестерге қатысу арқылы жүзеге асырылады. Медицина қызметкерлері арасында тәжірибе бөлісу кең жайылған.

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізуге байланысты медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасы артты, бұл денсаулық сақтау жүйесінің бірінші кезектегі тапсырмаларының бірі.

2015 жылы кезекті аккредитациядан үш жылға өтті.

Бүгінгі күнде Бесқарағай орталық аудандық ауруханасы аудан тұрғындарына  – шұғыл, жоспарлы, кеңестік медициналық көмек көрсететін заманауи емдеу – алдын алу мекемесі.

Бесқарағай орталық аудандық аурханасының жетістіктері.
1. Ұлттық Бизнес Одағы рейтингінің саралау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласы кәсіпорындарының арасында қаржылық – экономикалық көрсеткіштері бойынша, Бесқарағай орталық аудандық ауруханасы 2015 жылы 3 орынды/қола иеленді.
2. 2014 жылы Ұлттық Бизнес Одағы рейтингінің саралау нәтижелері бойынша Бескарагай орталық аудандық ауруханасы қаржылық – экономикалық көрсеткіштері бойынша Ұлттық сертификатпен марапатталды.

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, Бесқарағай ауданы,  Бесқарағай ауылы,  Пушкин көшесі 2 а, почталық индекс  070300,
Тел: бас дәрігердің қабылдау бөлімі  872236/90610
БМСК бойынша бас дәрігердің орынбасары  872236/91934
Бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары  872236/91543
Кеңсе 872236/90635
Есепшілер бөлімі 872236/90263
Тіркеу бөлімі  872236/91608
Біріккен бөлім  872236/91458
Эл.мекен – жай   beskaragai@rambler.ru
Ресми сайт http://beskaragai-crb.kz/

Всего комментариев: 0