МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

2019 жылдың 11-13 маусымы аралығында Бесқарағай ауылының дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде Медицина қызметкерлері арасында Спартакиада басталды. Спартакиада жыл сайын медицина қызметкерлері күні аясында өткізіледі.

Медицина қызметкерлері спорттың екі түрі: шағын футбол, волейбол   бойынша жарысқа түседі.

Спартакиада мақсаты: медицина қызметкерлері арасында, жеткілікті дене қимылы  белсенділігінің мәні туралы ақпаратты арттыру,  медицина қоғамын дене қимылы белсенділігімен айналысуға жұмылдыру, медицина қызметкерлерінің өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру және  салауатты өмір салтын тұрғындар арасында насихаттау.

Спартакиаданың алғашқы күнінде волейбол бойынша жарыстан 1 орынды – аудандық аурухананың стационар қызметкерлері командасы, 2 орынды –  емхана командасы, 3 орынды- Беген ауылы дәрігерлік амбулаториясының командасы иеленді.

Спартакиада жалғасуда.