Мақсат пен міндеттері

«Бесқарағай ауданы тұрғындарының денсаулығын жақсарту» 2016 жылға арналған дамыту жоспары

 

1. Бастапқы медициналық санитарлық көмекті алдын алу бағытына ерекше көңіл бөлу арқылы әрі қарай жетілдіру;;
2. Бастапқы медико – санитарлық көмек шығындарының деңгейін өсіру;
3. Кешенді адам басына шаққандағы нормативті және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің порталдарын енгізу;
4 . Тұрғындарға көрсетілетін кеңестік – диагностикалық көмектің қол жетімділігін және ашықтығын жақсарту;
5. «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық сақтаудағы Бірыңғай ақпараттық жүйені әрі қарай дамыту;
6. Аудандағы медицина мекемелерінің материалды – техникалық базаларын жақсарту;
7. Ауылға келген жас мамандардың, әлеуметтік пакеттермен (тұрғын үймен) қамтылғандарының салыстырмалы салмағын арттыру;
8. БМСК мамандарының жалпы санынан, жалпы тәжірибе дәрігерлерінің салыстырмалы салмағын арттыру;
9. Скринингтік тексерулермен тұрғындардың жалпы санынан 30 пайыздан кем емес бөлігін қамту;
10. Тегін дәрі – дәрмектермен қамтамасыз етілген, әлеуметтік маңызды аурушаңдықтармен ауыратын науқастардың салыстырмалы салмағын арттыру;
11. Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі бойынша емделуге жатқызудың шекті көлемін жыл сайын төмендету;
12. БМСК жұмыс уақытында жедел – жәрдем көмегін шақыртулар санын төмендету;
13. Ана өлімінің 0 көрсеткіште тұрақты ұстау;
14. Сәби өлім – жітімін төмендету (1000 тірі туылғанға шаққандағы жағдай);
15. Бала өлім – жітімін азайту және тұрақтандыру (0 ден 5 жасқа дейінгі 1000 тірі туылғанға шақанда);
16. 100 мың тұрғынға шаққанда қан айналым жүйелері аурушаңдықтарынан өлім – жітімді төмендету;
17. Онкологиялық аурушаңдықтар көрсеткіштерін төмендету;
18. 100 мың тұрғынға шаққанда онкологиялық аурушаңдықтардан өлім – жітімді төмендету;
19. Сүт безі ісігін ерте кезеңде анықтауды арттыру;
20. Туберкулезбен бастапқы аурушаңдық көрсеткішін төмендету;
21. 100 мың тұрғынға шаққандағы туберкулезден өлім – жітімнің 0 көрсеткішін тұрақтандыру;
22. Аудан тұрғындарын 100 пайыз жылжымалы флюоротексерумен қамтамасыз ету;

 

Бас дәрігердің орынбасары                                                  Г. Курмангалиева

Всего комментариев: 0