САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Бесқарағай аудандық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (СӨСҚО) облыстық СӨС қалыптастыру орталығының құрылымдық бөлімшесі ретінде 2012 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылымдық бөлімшенің негізгі қызметі ұйымдастырушылық-әдістемелік, насихаттаушылық, кеңестік көмек көрсету, аурушаңдықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс – шаралар өткізу болып табылады. 2016 жылдан бастап Бесқарағай аудандық орталық аурухана құрамына берілді.
Тұрғылықты мекен – жайы: Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі № 2а, аудандық емхана ғимаратының 2 қабаты.
Жұмыс тел: 87717732327
Электрондық мекен – жайы: beskaragai@rambler.ru 
СӨС қызметінің координаторыАккожин Канат Муратович.
2007 жылы Семей қаласындағы «Қайнар» университетінің педагог – психолог факультетін аяқтаған. 
2011 – 2013жылдар аралығында Бесқарағай аудандық орталық ауруханасында психолог болып қызмет етті. 
2013 жылдан бастап, осы уақытқа дейін аудандық Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің координаторы. 
Мейірбике: Саржанова Рымгуль Айтмуханбетовна. 
Ұйымдастырылған тұрғындармен аудан ұйымдарында видеоматериалдар көрсету , семинарлар өткізу, дәрістер оқу арқылы және ұйымдастырылмаған тұрғындармен аудандық аурухана холында, денсаулық мектебінде дәрістер оқу және видеоматериалдар көрсету арқылы жұмыстар жүргізіледі.
Балалар және жасөспірімдер арасында аудан мектептері мен техникалық колледжінде инфекциялық аурушандықтың, тәртіптік қауіп факторлары: маскүнемдік, нашақорлық және темекі шегудің алдын алу бойынша семинарлар, викториналар, пікір таластар өткізіледі.

Бас дәрігер                                                                                      Б. Абылкасимов

Орынд. Сеилханова Ә.М.
Тел. 90635

Главный врач Б. Абылкасимов

Исп. Сеилханова Ә.М.
Тел. 90635

Всего комментариев: 0