«ЖИТС- ХХІ ҒАСЫР ІНДЕТІ»

Лездеменің мақсаты: Оқушыларға ЖИТС жайлы толық мәлімет беріп, оларды салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.  

Лездеме барысында биология пәнінің мұғалімі Арайлым Аубакировна Жұртыбаева және мектеп  медбикесі Сауле Ахметовна Нуртаева оқушыларға ЖИТС жайлы мәліметтер айтып өтті.                                                

 ” Бесқарағай орталық аудандық ауруханасынан ” келген жасөспірімдер терапевті  Данара  Асхатовна  Жексенаева  ЖИТС-ің таралу көзі мен жұғу жолдары, алдын – алуы туралы толықтай мағлұмат берді. Мектеп оқушылары осы дерт туралы және салауатты өмір салты туралы тақпақтарын арнады.

 Мектеп директоры Г.К.Тилеубекова құттықтау сөзін сөйлеп, оқушыларды салауаты өмір салтын ұстануға шақырды.